2009 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін жалға алу жағдайында Байқоңыр ғарыш айлағының персоналына, Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық қызмет көрсету тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама (Челябинск қ., 2017 жылғы 9 қарашада)

2009 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі

арасындағы Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін жалға алу жағдайында Байқоңыр ғарыш

айлағының персоналына, Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына

медициналық қызмет көрсету тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы

хаттама

(Челябинскқ., 2017 жылғы 9 қарашада)

 

ҚР 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № 181-VІ Заңымен ратификацияланды

2018 жылғы 10 қазанда күшіне енді

 

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі,

2009 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін жалға алу жағдайында Байқоңыр ғарыш айлағының персоналына, Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық қызмет көрсету тәртібі туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 10-бабын басшылыққа ала отырып,

төмендегілер туралы келісті:

 

1-бап

 

Келісімнің 1-бабы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-бап

1. Тараптардың уәкілетті органдары:

Қазақстан тарапынан - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

Ресей тарапынан - Федералдық медициналық-биологиялық агенттік болып табылады.

2. Осы Келісімді іске асыру мақсатында мынадай ұғымдар қолданылады:

Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдары - Байқоңыр қаласында орналасқан және негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымдары мен олардың филиалдары;

федералдық медициналық ұйымдар - Ресей тарапының уәкілетті органының қарамағындағы медициналық ұйымдар, оның ішінде олардың «Байқоңыр» кешенінің аумағында орналасқан оқшауланған құрылымдық бөлімшелері;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.